Коронавирус • 29 Наурыз, 2020

28 наурыз: Қазақстанда коронавирустың таралу хронологиясы

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күні Қазақстанда індетті жұқтырғандар саны 228-ге жетті.

28 наурыз: Қазақстанда коронавирустың таралу хронологиясы

10:05-дегі жағдай бойынша коронавирус жұқтырған 41 жағдай тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласында - 32 адам, Алматыда - 2, Шығыс Қазақстан облысында - 2, Ақмола облысында - 2, Қызылорда және Алматы облыстарында - 1, Атырау облысында 1 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы 191 науқас.

11:30-дағы жағдай бойынша елімізде вирус жұқтырғандар саны 193-ке жетті. Алматы облысында тағы 2 науқас тіркелді. Жалпы 193 науқас.

11:50-дегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында - 10, Алматы қаласында  1 адам тіркелді. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 204-ге жетті.

15:30-дағы жағдай бойынша коронавирустан 15 адам емделіп шықты. Оның 13-і – елордада, 2-еуі – Алматы қаласында.

20:25-дегі жағдай бойынша тағы 4 науқас анықталды. Қарағанды облысында - 3, Атырау облысында 1 адам тіркелді. Жалпы 208 науқас.

21:20-дағы жағдай бойынша коронавирустан 12 жасар қыз емделіп, үйіне шықты. Бұл –  осы күні стационардан шыққан үшінші науқас.

22:00-дегі жағдай бойынша тағы 20 науқастың вирус жұқтырғаны анықталды. Нұр-Сұлтанда - 18, Алматыда - 1, Ақмола облысында 1 науқас тіркелді.  Елімізде вирус жұқтырғандар саны 228-ге жетті.