28 Тамыз, 2013

Декларациясы жоқ долларлар

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

долларТаяуда Жамбыл облысы бойынша КБД «Қордай» кеденінің контрабандаға қарсы күрес бөлімінің және «Қордай» кеден бекетінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында мынадай оқиға болды. Осы жерде Паспорттық бақылаудан өткен кедендік декларациялауға жататын ақшаны шекарадан өткізуге оқталған Қырғыз Республикасы Ош облысының тумасы, 1972 жылы туған А. есімді азаматтың жеке басын қарау барысында одан 30 300 АҚШ доллары табылды. Атап айтқанда, 9 200 АҚШ доллары сөмкесінде табылса, 21 100 АҚШ доллары екі бөлікке бөлініп, кедендік бақылаудан жасыру мақсатында жігіттің үстіне киген киімінің етегіне жасырылған жерінен табылған.

Осы факт бойынша бұл азаматқа қатысты ҚР ҚК 209-бабының 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша КБД баспа­сөз қызметі.