Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

Атыраудағы алтыншы науқас – «Алматы-Атырау» рейсінің жолаушысы

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады. 

Атыраудағы алтыншы науқас – «Алматы-Атырау» рейсінің жолаушысы

Белгілі болғандай, Атырау қаласында коронавирус инфекциясымен тіркелген алтыншы науқас 17 наурызда Алматыдан келген 20 жастағы студент болып шықты. Азамат оқшауланып, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Бұған дейін Атырау облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың бес фактісі тіркелгенін хабарлаған едік. Ауруға шалдыққан адамдардың барлығы қазіргі кезде ем алып жатыр.