Әлем • 29 Наурыз, 2020

Қазақстандық дипломаттар Чехиядағы отандастарымызды эвакуациялады

290 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Чехиядағы елшілігі отандастарымыздың елге оралуына көмектесіп жатыр. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық дипломаттар Чехиядағы отандастарымызды эвакуациялады

Елшіліктің хабарлауынша, Чехия коронавирустың таралуына тап болған көптеген елдердің бірі болып табылады. Төтенше жағдай енгізілгеннен кейін үнемі таусылмайтын туристердің ағымына үйренген Чехия көшелері бір сәтте босап қалды.

Чехия

«Таңертеңнен бастап қазақстандық дипломаттар осы елде қалған біздің азаматтарымызға көмек көрсету үшін жолға шығады. Отандастарымыз Чехияның әртүрлі қалаларында тұрады. Сондықтан бір орында бағыт құру қажет. Бүгін Қазақстан Республикасының Елшісі Марат Тәжиннің тапсырмасы бойынша қазақстандық дипломаттар Прагадан 120 шақырымда орналасқан кішігірім Бехин қаласына орта мектепте білім алатын жас азаматтарды осы қаладан эвакуациялау үшін жолға шықты. Балалардың кейбіреуі жақында ғана 16 жасқа толған. Мектеп бітіргеннен кейін олар Праганың жоғары оқу орындарына түсуді жоспарлап отыр. Ал қазір елге оралғылары келеді», - деді елшіліктен.

Барлық балаларға қорғау маскілер берілді. Балалардың барлық заттары көлікке артылғаннан кейін көлік тікелей Прагадағы халықаралық әуежайға жол тартты. Жолдар әбден бос, кейде бағыттас көлікті көруге болады. Елде өмір тоқтап қалған сияқты. Прага әуежайы босап қалғанын көруге болады. Шетел азаматтарды қайтару үшін ғана санаулы рейстер ұшуда. Чехия азаматтарына өз елінен кетуге тиым салынған. Төтенше жағдай мен карантин енгізілген.

чех

Әуежайға жеткен соң  «Белавиа» әуекомпаниясының  Прага-Минск рейсіне тіркеу мен отырғызу жұмысы басталды. Бүгінгі күні Чехиядан Қазақстанға жету үшін бұл жалғыз ғана бағыт болып табылады. Басқа рейске тіркеу пунктері жабық. Көптеген адамдар өздерінің рейстерін күтуде, үнемі рейсті кейінге қалдырады.

чее

«Жас азаматтарға Бехин қаласынан Прагаға дейін әдеттегі күндері де жету қиын болып тұр. Ең алдымен бір қалаға жетіп, сол қаладан электричкаға отыру керек. Біздің балаларымыздың Қазақстанға оралуына толықтай қолдау көрсеткен чехиялық достар мен әріптестерге алғысымызды білдіреміз», - деді елшіліктен.

ччч

ччч