Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

Елордадағы 16 науқас вирус жұқтырғандармен тығыз байланыста болған

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада тіркелген соңғы 16 науқас вирус жұқтырғандармен тығыз байланыста болған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова хабарлады.

Елордадағы 16 науқас вирус жұқтырғандармен тығыз байланыста болған

Қаладағы жұқпалы, правизорлық және карантиндік ауруханаларда 1536 адам жатыр. Оның 106-сы – 18 жасқа толмаған балалар. Қазіргі уақытта елордада коронавирус жұқтырудың 151 жағдайы тіркелген. Оның 13 ауруханада жазылып, үйлеріне жіберілді.

«29 наурыздағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырған 16 жағдай тіркелді. Олар бұрын стационарлық бақылауда болған немесе үйлерінде оқшауланған адамдар, сондай-ақ ауырып қалуы мүмкін адамдарға мониторинг жасау процесінде анықталғандар», - деп хабарлады басқарма басшысы.

Сәуле Қисықова қалада науқастармен байланыста болған тұлғаларды белсенді түрде анықтау жүргізілетіндігін хабарлады.

«Біз оларды оқшаулау бойынша қатаң жұмыс жүргізудеміз. Бұл тұлғалардан соңғы тіркелген жаңа жағдайлар анықталуда. Коронавирустық инфекцияны тасымалдаушы екені анықталғандардың әрқайсысы кемінде 30-50 адаммен байланыста болған. Бұл адамдар аталмыш инфекцияның белсенді тасымалдаушысы болып табылмайды», - деді басқарма басшысы.