Әлем • 29 Наурыз, 2020

Қазақстандықтар Литвадан елге оралып жатыр

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 наурызда Қазақстанның Литвадағы Елшілігінің қолдауымен Вильнюс, Каунас және Клайпеда қалаларында оқитын 15 қазақстандық студент Минскіге, содан кейін Нұр-Сұлтан мен Алматыға аман-есен ұшып шықты. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандықтар Литвадан елге оралып жатыр

Аталған бағыт «Белавиа» әуекомпаниясымен орындалатын, Отанымызға оралудың бірнеше бағыттарының бірі болып табылады.

Наурыз айының ортасынан бастап халықаралық әуе қатынастарының тоқтатылған уақытынан бері Елшіліктің қолдауымен 50-ден астам қазақстандық үйлеріне аман-есен оралды. Олардың арасында литвалық жоғарғы оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттер, «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткендер және т.б. бар.