Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

Соңғы тәулікте ТЖ тәртібін бұзған 124 адам жауапқа тартылды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады. 

Соңғы тәулікте ТЖ тәртібін бұзған 124 адам жауапқа тартылды

Сондай-ақ министрдің айтуынша, заңсыз түрде жоғары бағада сатылып жатқан 40 мың маска мен 2 мың литрден астам антисептик табылды.

Министр бір азаматтың қалай тәртіп бұзғанын айтып өтті.

«Ол «Даму мед» порталында өзінде коронавирус белгісі бар деп көрсеткен. Бірақ жедел-жәрдем дәрігерлері ол адамнан ешбір ауру белгісін таппаған. Кейіннен анықталғандай, ол азамат дәрігерлердің жұмысын тексергісі келіпті. Әйтпесе, еш жері ауырмаған, шетелге шықпаған және ауырған адамдармен байланыста болмаған. Сондықтан түсіністік танытайық, дәрігерлеріміз онсыз да ұйықтамай, үйлеріне қайтпай жұмыс істеуде», деді Д. Абаев.