Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

Түркістан: Кенеге қарсы күрес басталды

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында кенеден жұғатын Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы секілді аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша атқарылатын іс-шаралар қолға алынды. Биыл 66,8 млн  шаршы метр қора мен 28,5 млн шаршы метр мал иіретін жер және суаттар, бұталар залалсыздандырылып, 2,5 млн ірі қара мен  8,4 млн уақ мал дәріленеді.

Түркістан: Кенеге қарсы күрес басталды

Ауыл шаруашылығы басқармасы «Энзоотиялық» ауруларға қарсы көктемгі залалсыздандыру жұмыстарын 30 наурыздан бастайды. Зиянкестердің табиғи ошақтарында санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырылуда. Аудан, қалалардағы ветеринар мамандар қажетті құрылғылармен, дәрі-дәрмектермен, арнайы киімдермен толық қамтамасыз етілген. 

Айта кетелік, облыс бойынша 2018 жылы 3360 адам кене шағып ауруханаға түскен. Былтыр бұл көрсеткіш 12 % азайған. Эпидемиялық аумақтарда залалсыздандыру шаралары жыл сайын көктем, күз мезгілдерінде өткізіледі.

 

Түркістан облысы