Ал 28 ауылдың тұрғындары үшін ұялы байланыс әлі үнсіз. Тұрғындар интернет желісінің де жылдамдығы өте төмендігін айтуда.
Басқарма биыл «Мобайл Телеком Сервис» компаниясы 18 ауылды «Теле2» желісіне қосады.
Еліміздегі байланыс саласындағы жаңа оператор «Восток Телеком» ЖШС алда 250 және одан көп тұрғыны бар ауылдарға да ұялы байланыс жүйесін жеткізбек.
Мысалы, Ресейдің көрші облыстарымен шекаралас Ертіс ауданының Амангелді, Ленин ауылдарына ұялы байланыс әлі келе қойған жоқ. Сондықтан еріксізден Ресейдің байланысын қолдануға мәжбүр.
Екі ауылда бар-жоғы 600-дей адам қалған. Бұл ұялы байланыс операторлары үшін абонент саны аз болып есептеледі.
Ал көрші Ағашорын ауылында ұялы байланыс бар. Екі ауыл тұрғындары осы ауылдың байланысын ұстайтын жер іздеп жүреді.
- Егер телефонды, роумингті өшірмесек, сатып алған бірліктеріміз Ресейдің байланысына кетеді, - дейді тұрғындар.
Павлодар облысы