Руханият • 30 Наурыз, 2020

Мейірланның мүсіндері

271 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жас буынның тынымсыз ізденісі ел болашағын жарқын ете түсетіні анық. Елімізде төтенше жағдай жариялануы­на байланысты орта және жоғары білім жүйесінде біраз өзгеріс орын алды.

Мейірланның мүсіндері

Енді оқушылар онлайн оқыту жүйесі арқылы білім алмақ. Осы тұста «Оқушылар демалыс уақыт­тарын қалай өткізуде?» деген сұрақ туындайды. Екі мегополистегі ойын-сауық орталықтары уақытша жабық.  Аулада да балалар емін-еркін ойнай алмайды. Бұған дейін олар қосымша сабақтарға, спорттық секцияларға, өнер үйірмелеріне баратын. Қазіргі ахуал қиындау.

Міне, төтенше жағдай кезінде уақытын босқа өткізбей, әр күнін тиімді пайдаланып жүрген Мейірлан Жарылқасын туралы сөз қозғасақ. Ол Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Бахар ауылы А.Розыбакиев атындағы орта мектептің 4-сыныбында оқиды. Өзі спортшы, респуб­лика көлемінде өтетін таэквандо жа­рыстарынан құр қол қайтқан емес. Оқу озаты атанған Мейірлан бү­гінде мультфильм кейіпкерлерінің бейнесін ермексазбен қалап, түрлі образдарға айналдыруда. Әр образы ерекше. Мәселен, бала қиялынан туған «Өрмекші адам», «Ержүрек Джон», «Төрт аяқты құбыжық», «Ал­пауыт дәу» секілді туындылары көпшілікті бейжай қалдырмайды. Ермексазға деген қызығушылығы жеті жасынан оянған Мейірланның ата-анасы оның бұл өнерін шыңдап, алдағы уақытта туындыларын аудан, облыс көлеміндегі көрмелерге жолдамақ.

Ендеше, М.Жарылқасын әлемге танымал М. Антокольским, Альберто Джакометти, Фернандо Ботеро және отандасымыз гиперреалист-мү­сін­ші Айдос Есмағамбетов сияқ­­­­ты мү­сіншілердің даңғыл жолын жалғастырмасына кім кепіл?! Бола­шақта Мейірланның қолынан тек мультфильм кейіпкерлері ғана емес, қазақ халқының ертегілеріндегі ержүрек батырлардың да образдары көркем туындыға айналатынына сенімдіміз. 

 

Айым БОЛАТҚЫЗЫ