Қоғам • 30 Наурыз, 2020

Коллекторлар кешке қоңырау шалмайды

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Ұлттық коллекторлар палатасы барлық коллекторлық агенттіктерді төтенше жағдай режімінің іс-қимылдары мен карантиндік іс-шаралар кезеңінде бірқатар уақыттық шектеулерге қосылуды әрі ұстануды ұсынды.

Коллекторлар кешке қоңырау шалмайды

Бұл жөнінде Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі­нің қаржылық қызметтерді тұтыну­шылардың құ­қық­тарын қорғау депар­таментінің директоры Алек­сандр Терентьев мәлімдеді.

Ұлттық коллекторлар палатасы қыз­меткерлерді төтенше жағдай аяқтал­ғанға дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бойынша қашықтан жұмыс істеуге көшіруді ұсынды. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қаласы бо­йынша қарыз алушылармен жеке кездесулерге, қарыз алушы­лар­мен байланысты толығымен тоқта­туға, карантинге жабылған тұрғын үй кешен­дерінде, үйлерде орналасқан борышкерлермен өзара іс-қимылдың барлық түрлерін тоқтата тұруға шақырды.

Нұр-Сұлтан және Алматы қала­лары бойынша сағат 16.00-ден кейін қа­рыз алушыларға қоңырау шалу тоқ­татылсын. Несие берушілердің қарыз алушыларға сотқа талап-арыз беруі үшін материалдар дайындауды тоқтатсын, – дейді коллекторлар палатасының қызметкерлері.

Өз кезегінде, Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы қашық­тан жұмыс істеуге көшті.  Коллекторлық агенттіктер үшін байланыс ақпараты: +701-887-74-01; Қарыз алушылар ша­ғым­дар мен өтініштерін: +7 700-183-83-03 нөмірі бойынша немесе info@col­lectors.kz сайты бойынша бере алады.