28 Тамыз, 2013

Бір күнде миллионер атандық

271 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ұстаз деген ұлы есім. Мәртебесі – биік, абыройы – асқақ, аты – жоғары мамандыққа лайықты қызмет ету әрбір мұғалімнің парызы деп санаймыз. Рас, 90-жылдарда ұстаздық қызмет жан бағуға қиын болды. Дегенмен, ел экономикасы көтеріліп, әлеуметтік жағдайымыз артқан сайын мемлекет тарапынан оқытушыларға барынша көңіл бөлініп, мектептері жаңарып, материалдық-техникалық базасы нығайып келеді.

 5156-03-09 

Ұстаз деген ұлы есім. Мәртебесі – биік, абыройы – асқақ, аты – жоғары мамандыққа лайықты қызмет ету әрбір мұғалімнің парызы деп санаймыз. Рас, 90-жылдарда ұстаздық қызмет жан бағуға қиын болды. Дегенмен, ел экономикасы көтеріліп, әлеуметтік жағдайымыз артқан сайын мемлекет тарапынан оқытушыларға барынша көңіл бөлініп, мектептері жаңарып, материалдық-техникалық базасы нығайып келеді.

Бұрнағы күні Қызылорда облысында «Сапалы білім мен тәрбие беру – Қа­зақстанның мемлекеттік саясатының басым­дығы» атты тамыз кеңесі өтті. Кеңес барысында аймақтағы білім сапасын арттыру, оқу үдерісінде әлемдік озық тәжірибелерді дендеп енгізу сияқты келелі мәселелер сөз болды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев кеңеске арнайы қатысып, баяндама жасады. Нақты тапсырмалар беріп, алдағы межемізді анықтады. Осы алқалы жиын барысында бізді қуантқан бір жайт болды. Аймақ басшысы ұстаз мәртебесін арттыру, үздік педагог мамандарын қолдау мақсатында арнайы сыйақы тағайындаған екен. Тамыз кеңесінде 20 үздік ұстазға 1 миллион теңгеден сыйақы берілді. Аймақтағы маңдайалды мұғалімдердің қатарында өзімнің болғаныма өте қатты қуандым. Бұл біздің осы уақытқа дейін жасаған еңбегіміздің бағаланғаны, болашақта атқаратын жұмысымызға жауап­кершілік деп қабылдадым. Әкім тағайындаған сыйақыны Жаңақорған ауданынан Айсұлу Жалғызбайқызы, Жалағаштан Тоты Жәлиева, Қазалы ауданынан Нұрбек Қожамжар, Қармақшыдан Манат Көбекова, Қызылорда қаласынан Надежда Караченцева секілді 20 адам иеленді. Айта кетерлігі, сыйақыға ие болған мұғалімдердің барлығы облыстық және республикалық олимпиадаларда жеңімпаз болған, оқушылары да осындай сайыстарда топ жарған. Сондықтан сыйақы да лайықты иелерін тапты деген ойдамыз.

Әліпті таяқ деп үйрету, жас балаға білім беру, оның өмірлік жолын айқындау, болашақта адаспай өз жолын табуға ұмтыл­дыру, мемлекетіміздің болашағын баянды ететін азамат тәрбиелеу, ең бастысы – саналы да білімді ұрпақты қалыптастыру айтуға оңай болғанмен, өте ауыр міндет. Сыр бойының ұстаздары осы жолда аянбай еңбек етіп жатыр. Ал еңбек дер кезінде бағалануы керек. Бұл тарапта облыс басшысы Қырымбек Елеуұлы ұстаз еңбегін уақытында бағалап, біздің жұмыс істеуімізге оңды жағдай жасап, арнайы сыйақы тағайындап алға ұмтылдырып отырғанына қуаныштымыз. Осы ретте ұстаздар қауымының атынан аймақ басшылығына үлкен алғыс айтқым келеді.

Хадиша ОРЫНБАСАРОВА,

№249 мектептің мұғалімі.

Қызылорда облысы,

Қазалы ауданы.