28 Тамыз, 2013

Тәуелсiздiгiмiздің тұғыры

310 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Еліміздің Ата Заңы өзінің ең алғашқы бабын Қазақстанның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары, бос­тандығы деп бастайды. Жер беті­нің әр адамы үшін бұл құнды­лық­тардан асқақ не бар? Ата-бабала­рымыз ақ найзаның ұшымен, ақ бiлектiң күшiмен белдескендегі қол созған ақ арманы осы тәуел­­сiздiк, бостандық болатын. Енде­ше, тәуел­сіздігімізді паш ететін ең бас­ты құжатымыз аты айтып тұр­ғандай – Ата Заңымыздың туылған күні бәрімізге құт әкелсін дейік!

фото А7ЕштайЕліміздің Ата Заңы өзінің ең алғашқы бабын Қазақстанның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары, бос­тандығы деп бастайды. Жер беті­нің әр адамы үшін бұл құнды­лық­тардан асқақ не бар? Ата-бабала­рымыз ақ найзаның ұшымен, ақ бiлектiң күшiмен белдескендегі қол созған ақ арманы осы тәуел­­сiздiк, бостандық болатын. Енде­ше, тәуел­сіздігімізді паш ететін ең бас­ты құжатымыз аты айтып тұр­ғандай – Ата Заңымыздың туылған күні бәрімізге құт әкелсін дейік!

Кейде мемлекетіміздің қолда­ныстағы заңдарына жете көңіл бөле бермейтін азаматтардан Ата Заңымызға күмән тудырып, ха­лыққа теріс пікір айтып, ақ тер, көк тер болып, өз ойымен өзі шата­­сып жататындарды естиміз де, көреміз де. Мысалыға, жеке қабыл­­дауға келген жоғары білімді дейтін азаматтардың кейбірі өкі­ніш­ке қарай, «Бұл заңдар кімге керек? Ол бәрібір бізде жұмыс істе­мейді» деп шолақ кесе салады. Әрине, оларға заңдардың мәнін түсіндіріп беруге тырысамыз. Бірақ қанша тырысқанымызбен зиялы қауым өкілдері өздерінің жаң­сақ пікірлерін жалғастырып жатады.

Өз басым мұндай азаматтар­ды қазақ елінің болашағына күмән келтірушілер мен бола­шақ­та дамыған қазақ елін көруге құштарлығы мен аңсары аумай­тындардың қатарына жатқызар едім. Алаш ұлы Жүсіпбек Ай­ма­уытов өзінің «Ұлтты сүю» деген еңбегінде «Қазақты тура жолға бас­тайтыны да, адастыратыны да оқығаны» дейді. «Ұлты үшін құр­мет қылмай, бас қамын ойлап жүр­ген азаматтардың елі артта қала­ды...» дейді Жүсіпбек ағамыз тағы да. Қол қусырып отырғанымен қой­май заңдардың «мүлде жұмыс істе­мейтіні» туралы дәлел-дәйексіз іші қуыс әңгіме айтатындарға бұл сөз жігер салуы керек-ақ. Әйт­песе, «Жер жүзінде екі мың мил­лионнан көп артық адам бар, екі миллиондай қазақ бар. Біздің қазақ­тың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір ха­­лық­қа ұқсамайды. Бірімізді бі­рі­міз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақ­­­­тырмай отырғанымыз...» деп Абай­­ша бәріміз күңіренетін боламыз.

Әрине, келісемін, кейде бізде халыққа өздерінің заңды құ­қық­­тарын түсіндіру сияқты ақпараттық-насихат жүргізу жағы ақсап жатады. Бұл мүлде бөлек әңгіме. Бізге әлі де осы бағытта көп жұмыстар жасау қажет. Сөзімнің тоқетері Ата Заңның тілімен айтсақ мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық, сондықтан заң да, билік өкілдері де тек халық пайдасына еңбек ету керек. Ал халық өзінің бар білімі мен ілімін мемлекеттің күшеюіне ғана жұмсауы керек. Ал мемлекеттің күшеюінің басты белгісі Ата Заңы­мыздың тұғыр­лығына күмән келтірмеу! Біз «өзі­мізді-өзіміз сыйласақ қана жатты жанымыздан түңілдіретінімізді» естен шығармауымыз керек.

Енді сот төрелігінің маңызы туралы бірер сөз. Сіз өзіңізге қар­сы бағытталған заңсыздықты бай­қасаңыз сотқа жүгінуге құқы­лы­сыз! Мұны есі кірген әр азамат бі­ліп жүргені дұрыс. Өйткені, біздің елде бұзылған құқықты тек сот арқылы ғана қалпына келтіруге болады. Ал сот тек Конституцияға және заңдарға жүгініп шешім қа­былдайды. Бұл құқық Ата Заңы­мыз­дың соттар және сот төрелігіне ар­налған 7-бөлімімен реттелген. Де­мократиялы елді сот жүйесінсіз елес­тету қиын. Бірақ та елестетіп көрелік.

Жер бетінің әрбір алтыншы тұрғыны үндістандықтар екен. Сол Үнді елінде 60 миллиондай адам діни сенімдеріне байланысты «қол сұғылмайтындар» қатарында, яғни төменгі каста мүшелері болып өмір сүреді. Зерттеушілер оларды «сот жоқ каста» деп те атайды. Олардың өмірлерін адам басына бермесін, өмір дей алмайсыз. Мысалыға сіз Үндістанда тұрасыз делік. Сіздің ата-бабаларыңыз осыдан екі мың жыл бұрын индуистік діни наным канондары бойынша шалт басып, қарғысқа ұшыраған. Сіз солардың ұрпақтары ретінде күні бүгінге дейін ата-бабаларыңыздың күнәсін мойныңызбен көтеруге мәжбүрсіз. Өміріңіз нағыз тамұқ сияқты. Ешкім сізге жұмыс бер­мей­ді. Тіпті бүкіл ауыл болып іше­тін судан да су іше алмайсыз, сізге шалшық су ғана бұйырады. Дүкен­ге кіре алмайсыз, сі зді аяп біреу нан лақтырса, соны ғана қана­ғат тұтасыз. Егер балаңыздың аты бір құрметті азаматтың атымен сәйкес келсе, сәбиіңізді өлтіріп кете алады. Ұрпағыңыздың құны жоқ. Ол әрекеттері үшін ешкім жазаға да тартылмайды, демек, олар­ды сотқа да бере алмайсыз. Үнді­нің саяси қайраткері, ұлы жү­рек­ті Махатма Ганди мемлекет бас­қар­ғанда осы кас­­таларды жоюға көп­теген әре­кет­тер жасаған. Бірақ, ештеңе де істей алмаған деседі. Қолынан бар келгені сол кастаның аш-жалаңаш бір сәбиін алып, өзінің атына жаздырып, туған қызындай бағып қақ­қан. Америка ғалымдары бұл кас­­талардың сотқа жүгіне ал­мауын ең сорақылық түріне жатқызған екен.

Біздің елімізде әрбір туылған азамат елдің байлығы. Оның туа бітті құқығының қорғалуы Ата Заңмен реттеледі және әрбір азамат сотқа жүгініп қана қоймай, сотта өз сөзін тыңдатуға, өзінің заңды құқықтарын қалпына келтіруді талап етуге құқылы.

Сөзімнің соңында әрда­­­­йым егемендiгiмiз еңселi, тә­уел­сiздi­гi­мiз тұғырлы, Ата Заңы­мыз ғұ­мырлы болсын деймін!

Ақжан ЕШТАЙ,

Ақмола облыстық сотының

төрағасы.

Соңғы жаңалықтар