Қазақстан • 30 Наурыз, 2020

Тәжікстаннан қазақстандықтар елге жеткізілді

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 наурызда Тәжікстаннан қазақстандық 26 адам елімізге оралды. Қазақстан азаматтары бар ұшақ Алматы әуежайына сәтті қонды. Сонымен қатар, бұл ретте Шымкент қаласынан С-295 әскери-көлік ұшағымен Тәжікстанға сол елдің 20 азаматы шығарылды.

Тәжікстаннан қазақстандықтар елге жеткізілді

Қазақстан президентінің нұсқауына, Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Тәжікстанның мемлекеттік органдарының күш-жігеріне сәйкес, біздің отандастарымыз елімізге орала алды.

Сондай-ақ ұшудағы қауіпсіздік мақсатында оларды әскери дәрігерлердің медициналық тобы алып жүрді. Елімізге келген қазақстандықтардың арасында коронавирусты жұқтырғандар жоқ. Барлық жолаушылар өздерін жақсы сезінеді, денсаулықтарына шағымдары жоқ. Ережеге сәйкес елге оралғандардың барлығы медициналық тексеруден өтіп, инфекциялық бақылау талаптарын сақтай отырып, карантинге орналастырылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан ӘӘК әскери-көлік авиациясының күшімен Сауд Арабиясынан 33, Кувейт мемлекетінен 2, Қырғызстаннан 21 қазақстандық эвакуацияланған болатын.

Отанымызға қайта оралған қазақстандықтар Қазақстан Үкіметі мен Қорғаныс министрлігіне алғыстарын білдірді. Әскери қызметшілердің өздері атап өткендей, əскер – бұл ең алдымен өз халқының қорғаушылары және қазақстандықтардың қауіпсіздігін сақтаушылар.