Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Алматы: Такси көлігінде жүргізушімен қосқанда екі адамнан артық жолаушы болмауы керек

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда коронавирустың бұдан әрі етек жаймауы үшін барлық салада тәртіп күшейтілгені белгілі. Осы ретте мегаполистегі такси қызметінің жұмысына да бірқатар шектеулер қойылды.

Алматы: Такси көлігінде жүргізушімен қосқанда екі адамнан артық жолаушы болмауы керек

Арнаулы мамандардың хабарлауынша,  шаһарда ресми түрде тіркелген такси қызметтері жұмысын жалғастыра береді. Тек оларға қойылатын санитарлық талаптар күшейтіліп отыр. Айталық, арнайы қызмет көрсететін жеңіл көлікке екі жолаушыдан артық адам отырмауға тиіс. 

 – Арнайы қызмет көрсететін жеңіл көлікте жүргізушіні қосқанда, екі адамнан артық жолаушы болмауы керек, жолаушылар бір-бірінен барынша алшақ отыруы үшін олар шахмат тәртібімен (қиғаш) орналасуы керек. Жеңіл көліктер жеке қорғаныс құралдарымен (медициналық маска және антисептиктермен) қамтамасыз етілуі қажет. Жүргізуші міндетті түрде маска тағып отыруы тиіс, –  деп хабарлады Алматы қалалық тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті.