Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991-жылдардағы қиын-қыстау кезеңге қарамастан, Семей ядролық сынақ полигонын жабуға шешім шығаруын халықты қасіреттен арашалап қалу жолындағы жобаның басы деп бағалаған абзал. Буыны қатып, топшысы толық беки қоймаған жас мемлекет басшысына сол кезде мұндай Жарлыққа қол қоюдың өзі оңайға түспепті. Олай дейтініміз, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылдың 27 тамыздағы нөмірінде «Тажалды тұншықтыру» деген сұхбатында Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Таяу Шығыстағы бір елдің өкілі Қазақстанға ядролық күштерді ұстап тұру үшін 6 миллиард АҚШ долларын да ұсынды. Сол тұста кейбір шетелдік ақпарат құралдары ашық бопсалауға да көшті. Назарбаев Тегеранға екі рет жасырын барыпты, ядролық қаруды сататын болып қайтыпты деп те соқты. Елдің өз ішіндегі пікір де бірауызды емес еді», деген Елбасы сөзінен қырағы оқырман талай түйткілдің түбірін танитыны ақиқат. «Сол алапат ядролық қаруды сақтап тұру үшін еліңізге қаржылық субсидияны төгеміз», деушілердің не көксегені өздеріне мәлім. Ал, Қазақстан басшысының көздегені – халқын таусылмас тауқыметтен, арылмас зардаптардан арашалап, ұлт денсаулығын уландырмаудың барлық мүмкіндігін қарастыру еді.

Иә, ел тағдыры таразыға түсіп тұрған сол бір тұманды шақта Семей сынақ полигонындағы ядролық жарылыстарды тоқтатып, жер мен көкке у таратқан аждаһаны тұқыртуы – Қазақстан басшысының тереңнен ойлап қабылдаған бірегей шешімдерінің бірі ғана. Бұл шешім – жерімізге зорлап таңылған зұлмат залалдарынан арылудың алғышарттары еді. Бұл қолдан жасалған қасіретті түбірінен үзуді ойлаған ұлтжанды қайраткердің ұстанымы еді.
Тоқсаныншы жылдардың басындағы бұлыңғыр кезеңнен бұлжымайтын жол таңдалғандығы жыл өткен сайын айқындала түсті. Уақыт өте Елбасымыздың таңдаған жолы жаһандық деңгейде мойындалып, айтулы мемлекеттердің қызығушылығын арттырғаны мәлім. Сол сын сағатта Қазақстанның әлемдегі ең ірі ядролық қарудың бірінен бас тартуы – адамзат дамуы тарихындағы айтулы оқиғаға айналып, маңыздылығын арттырды.
Осы тарихи шешімнің шеңберінде ой өрбітіп, тереңіне бойласақ, қаншама қайырымды қадамдар мен баянды бастамалардың дүниеге келіп, жұрт игілігіне ұласқанын көреміз. Әрине, бүкіл әлем көз тіккен ядролық қаруды тоқтатқанмен, одан туындаған, туындайтын мәселелер бірден алқымнан алып тұрған болатын. Ядролық сынақтар жасалмағанымен, полигонға пайдаланған аумақтың халықаралық стандарттарға сай қауіпсіздігі қажет болды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Мемлекеттің сол тұстағы экономикалық әлеуетіне қарамастан, қырық жыл бойғы сынақтан тұла бойы жараға тұнған Жер-ана тауқыметін оңалтуға, радиациялық өңір тұрғындарының әлеуметтік мәселесін шешу жобалары жасалды. 456 рет жасалған жерасты және жерүсті атом сынақтарының зардабын тартқан аймақтағы халық денсаулығын сауықтыру қыруар шаруаны талап етті.
Әуелі 1992 жылы елімізде «Семей ядролық полигонында зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау» туралы заң қабылданғаны көпшілікке мәлім. С