Спорт • 30 Наурыз, 2020

«Барысқа» дауыс берейік!

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының ойындары коронавирус пандемиясына байланысты тоқтаған соң ҚХЛ басшылығы маусымды жаңа жүйе арқылы жалғастыруды жөн деп тапқан екен.

«Барысқа» дауыс берейік!

Енді Гагарин кубогының жеңімпазын хоккейшілер емес, жанкүйерлер дауыс беру арқылы анықтайды. Осыған орай, бүгін ҚХЛ-дің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында плей-офф кезеңінің екінші онлайн дауыс беру ойыны басталды.

Құрметті жанкүйерлер, «Барыс» Нұр-Сұлтан қаласының командасы болса да, ҚХЛ ойындарында ел намысын қорғайтыны белгілі. Сондықтан ҚХЛ-дің ресми парақшалары арқылы (ВК, Twitter, Одноклассник, Instagram) «Барысқа» дауыс беріңіздер. Онлайн ойын Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түнгі 23:00-ге дейін жалғасады.

28 наурызда өткен алғашқы онлайн бәсекеде жерлестеріміз Новосібірдің «Сибирь» командасынан жеңілді. ҚХЛ ұйымдастырушыларының айтуынша, «Барыс» жанкүйерлері дауыс беру кезінде ереже бұзғаны үшін біздің командадан 50 пайыз дауысты шегерген. Қорытынды нәтиже – 61 845:43 520 «Сибирьдің» пайдасына.