28 Тамыз, 2013

Дзюдо: Азамат Мұқанов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Борец Азамат Муканов-1

Қазіргі күндері Бразилияда өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында 66 килоға дейінгі салмақтағы Азамат Мұқанов екінші нәтиже көрсетті. Бұл туралы Sport.kz хабарлады.

Турнирді өте қарқынды бастаған Азамат іріктеу белдесуінде ресейлік Алим Гадановты, сингапурлық Жоэль Ценгті, британиялық Колин Оатесті және жапон Масааки Фукуокиді тізе бүктірді. Ал жартылай финалда украиналық Георгий Занатарйядан басым түсті. Бірақ финалда тағы жапонға қарсы шыққан біздің бағланның жолы болмады. Ол Масаси Эбинумадан айласын асыра алмады.

Бұл қазақстандықтардың осы чемпионатта қол жеткізген бірінші медалі болып отыр. Бұған дейін біздің жігіттерден Елдос Сметов пен Асхат Тельманов жетінші орынға тұрақтаған еді.

Дамир Қожамқұл.

Борец Азамат Муканов-2

 

Борец Азамат Муканов-3