
Үстіміздегі жылғы 27 маусым Астанада мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалық етуімен шет елдерде кадрлар дайындау жөніндегі комиссияның отырысы болды. Онда «Болашақ» стипендиясы бойынша 427 үміткерді оқытуға шешім қабылданды. Бұлардың 224-і (53 пайыз) магистратура бойынша, 8-і (2 пайыз) докторантура бойынша білім алса, 195-і (45 пайызы) стажировкадан өтуге жіберіледі. Жалпы, 27 шілдеден 16 иамызға дейінгі аралықта 706 үміткер осы орындар үшін конкурсқа қатысты.
2013 жылғы барлық стипендиаттар саны 1093 адам болып отыр. Бұлардың 17-сі наурызда, 282-сі маусымда, ал 427-сі тамыз айында белгілі болды. Соңғылардың арасында Олимпиада чемпионы боксшы Серік Сәпиев те бар.
Сәкен Майлыбай.