Қоғам • 30 Наурыз, 2020

Президент ақын Аманхан Әлімнің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын, сыншы Аманхан Әлімнің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Президент ақын Аманхан Әлімнің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

«Ақын, сыншы, әдебиетші, публицист Аманхан Әлімнің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Аманхан Әлімұлы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі еді. Сонымен қатар ол отандық журналистиканың дамуына да өлшеусіз үлес қосты. Қатардағы тілшіден бас редакторлыққа дейінгі жолдың бәрінен өтті. Ол ұлттың өсуіне, әдебиеттің дамуына кедергі болатын кері әрекеттердің барлығын сын садағына ілді. Аманхан Әлім қазақ руханиятының көкжиегін кеңейту үшін ақиқаттан айнымаған қайраткер қаламгер еді. Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын! Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев» деп жазды Берік Уәли.