«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырма берген. Осыған орай бүгін Үкімет басшысы Асқар Мамин мемлекеттік комиссияның отырысын өткізіп, онда арнайы шешім қабылдады», - деді министр.
Медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінген.
«Бірінші топ – бұл реанимация бөлімдерімен қоса алғанда жұқпалы аурулар стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медициа қызметкерлері, барлығы – 3284 маман. Олардың жалақысына үстеме ақы айына 850 мың теңгені құрайды. Яғни, орташа айлығын қосқанда олар айына шамамен 1 млн теңгенің үстінде алады. Екінші топ – провизорлық стационар мен жедел-жәрдем дәрігерлері, орта және және кіші медицина қызметкерлері, барлығы – 11951 маман. Олардың үстеме ақысы айына 425 мың теңгені құрайды. Яғни, орташа айлығын қосқанда олар айына шамамен 600 мың теңге алады. Үшінші топ – карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, жедел-жәрдем жүргізіушілері және т.б. Барлығы – 11994 қызметкер. Олар айына 212 мың теңге үстеме ақы алады. Яғни, орташа айлығын қосқанда олар шамамен 380 мың теңге алады», деді Дәурен Абаев.