Ел-жұртты алаңдатқан қиын-қыстау кезеңде халықтың амандығы үшін қызмет етіп жүрген блок бекеттердегі қызметкерлер мен жолаушылар дін қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
«Халал Даму» және «Зекет қоры» қызметкерлері Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жолдаған үндеуін жүзеге асырып, елді дүрбелеңге салған COVID-19 дертінен шипа сұрап, елімізге амандық тілеп дұға жасады.