Хоккей • 30 Наурыз, 2020

Шайбалы хоккей: Атте Охтамаа «Барыстан» кетті

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) Нұр-Сұлтанның «Барыс» клубында ойнаған финляндиялық қорғаушы Атте Охтамаа келесі маусымды Ярославльдің «Локомотивінде» өткізеді.

Шайбалы хоккей: Атте Охтамаа «Барыстан» кетті

 32 жастағы  Суоми елінің өкілі әр жылдары Финляндия чемпионатындағы «Кярпят» пен «Йокерит», Қазанның «Ақ Барс» және Швейцарияның «Лугано» клубтарында өнер көрсетті. Татарстандық команда сапында Гагарин кубогын жеңіп алды. Ұзақ жылдар өз елінің ұлттық құрамасының намысын қорғап, 2014 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2019 жылы әлем чемпионы атанды.

2019/2020 жылғы маусымды Охтамаа «Барыстың» сапында өткізді. Сол аралықта 36 мәрте мұз айдынына шыққан ол алты гол соғып, 15 рет нәтижелі пас берді. Барлығы – 21 ұпай. Плей-офф додасында бір гол соғып, бір мәрте оңтайлы пас берді.  

Атте Охтамаа мен «Барыс» арасындағы келісімшарттың мерзімі 30 сәуірде аяқталады. Содан кейін айтулы хоккейшінің агенттері оның Ярославльдің «Локомотивіне» ауысатыны жайында мәлімдеді. Сонымен қатар, финляндиялық қорғаушыға Магнитогрскінің «Металлургі» көз тіккен болатын. Алайда ойыншының таңдауы «Локомотивке» түсті.

Соңғы жаңалықтар