28 Тамыз, 2013

Футбол. «Селтик» - «Шахтер» 3:0

271 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Футбол-Селтик-Шахтер-1

 

«Селтик» - «Шахтер» 3:0 (бірінші матч - 0:2)

«Селтик»: Форстер, Мэттью3, Лустиг, Эмброуз, Малгрю, Форрест (ван Дейк, 90 4), Браун, Лэдли, Коммонс (Бурригтер, 79), Самарас, Стоукс.

«Шахтер»: Мокин, Симчевич, Малый, Джиджич, Порываев, Каньяс, Вичюс, Васильевич, Финонченко (Зенькович, 83), Казарян, Хижниченко.

Голдар: Коммонс (45), Самарас (48), Форрест (90+2).

Қазір ғана Шотландияның Глазго қаласындағы «Парк Селтик» стандионында жергілікті «Селтик» пен Қарағандының «Шахтер» командалары арасындағы Чемпиондар лигасы төртінші раундының қарымта матчы басталды. Осының алдында бұл қарсыластардың Қарағанды қаласында өткен бірінші матчы 2:0 есебімен кеншілердің пайдасына шешілгенін жанкүйер қауым жақсы білуге тиіс.

Қазақстанның футбол командалары бұған дейін ешқашан халықаралық дәрежеде дәл осындай аса жауапты сәтті, осыншалықты жоғары деңгейдегі кездесуді бастан кешіп көрген жоқ. Мұның қасында Алматының «Қайратының» кешегі кеңес кезеңінде Еуропа теміржолшыларының кубогын жеңіп алардағы матчтарының бәрі де баланың ойыншығы тәрізді. Себебі, ол турнирге құрлықтың үшінші-төртінші дәрежелі жасақтары қатысып еді. Ал мына бәсеке ескі дүниенің ең мықты деген командаларының арасында өтуде. Осы тұрғыдан келгенде, жарысты екінші кезеңнен бастап, оның екі белесінен абыроймен өте білген, төртіншісінде «Селтик» сынды азуы алты қарыс қарсыласын бір рет сүріндірген «Шахтердің» осы жетістігінің өзі мақтана айтуға тұратындай көрсеткіш деп есептейміз.

Осы тұста бір айта кететін жәйт, қарағандылықтардың өз алаңындағы ойын алдында қара қойды құрбандыққа шалуы кейін шотландиялықтар тарапынан біраз әңгімеге арқау болды. Тіпті команданың бір топ жанкүйерлері бұл жөнінде УЕФА-ға шағым да түсірген екен. Бізге жеткен ақпаратқа қарағанда, федерация президенті Мишель Платини шағымға мән беріп, мұның қайта қайталанбауын ескерткен секілді. Бірақ қазақстандықтар сонда да алған беттерінен қайтпапты. Рас, мұны енді команданың өзі жасаған жоқ. Оны қарымта матчты көру үшін Оралдан Глазгоға барған жанкүйерлер атқарыпты. Бұл туралы бүгін «Мой город» порталының тілшісі хабарлап, оны «Ақжайық» футбол клубының фанаттары жүзеге асырғандарын жеткізді.

- «Шахтер» - қазақстандықтар арасынан Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өту мүмкіндігін алып отырған жалғыз команда, - дейді солардың бірі Денис Шапкин. – Біз сондықтан қарағандылықтарды қолдап, құрбандық шалу рәсімін жасауға шешім қабылдадық.

Рәсімнің алдында тиісті дұға да оқылған. Оған қатысушылар кеншілер командасының бүгін мерейі үстем, абыройы асқақ, мысы басым, жетістігі жоғары болуын тілепті. Ендеше, біз де соны тілейміз.

Біз, әрине, бүгінгі матчтың қалай аяқталатынын білмейміз. Бірақ «Шахтердің» осы белесінің өзі біздер үшін өте жоғары жетістік екенін жақсы білеміз. Дәл қазір қарағандылықтар үшін алаң иелерінің алғашқы 10 минуттың ішіндегі жойқын шабуылдары мен қысымдарына төтеп бере білудің маңызы зор. Содан соң тағы 20 минуттай жорық жалғасады. Егер осы аралықта қақпамыз голдан аман шықса, жігіттеріміз алға қойған мақсаттарына жетулері тиіс. Содан соң екінші таймның басы да қиындау болатын шығар.

Қазір матчтың 7 минуты ойналды. Әзірге қарағандылықтар сенімді ойнауда. Допты бет алдына тепкілеу жоқ. Олар Қарағандыда да бұған жол берген жоқ. Біздің кеншілер сонысымен сүйсінтті. Міне, шотландтар бірінші бұрыштаманы әуелетті. Алаң иелерінің қақпаға тура бағытталған қатты соққысын қақпашы Александр Мокин қолымен қағып, бағанның үстінен жіберді. Сосын шотланд жасағы тағы бұрыштама бағыттады. Мұны да біздің қорғаушылар қайтара білді. Соның алдында ғана Андрей Финонченко айып добын ұрған. Оны алаң иелерінің голкипері Форстер қағып алған.

Бұдан кейін «Селтиктің» жойқын шабуылдары өрбіп кетті. Осы кезде олар қатарынан екі рет бұрыштама беріп үлгерді. Оның екеуі де қауіпті болды. Бірінші жағдайда Мокин допты аяғымен теуіп, сыртқа жіберді. Сосын екінші айып добын Александр қолымен қайтарды. Ал 13-минутта қақпаға кіргелі тұрғ