Коронавирус • 31 Наурыз, 2020

Ауруды қалай жұқтырғаны белгісіз

6230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн-брифинг өткізген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы туралы айтты.

Ауруды қалай жұқтырғаны белгісіз

«Қазіргі уақытта жалпы коро­навирус жұқтырған 302 жағ­дай тіркелді. Нақтырақ айтсақ, Нұр-Сұлтан қаласында – 169, Алматыда – 73, Атырау облысында –12, Қарағанды қаласында – 13, Алматы облысында – 8, Ақмола облысында – 8, Жамбыл облысында – 3, Шымкент қаласында – 2, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Қызылорда облысында – 5, Батыс Қазақстан об­лысында – 2, Ақтау облысында – 2, Солтүстік Қазақстан об­лысында – 1, Павлодар облысында – 1, Маңғыстау облысында 1 науқас тіркелді. 302 науқастың екеуі – 14 жасқа дейінгі бала. Науқастардың арасында 79-ы басқа мемлекеттерден келген азаматтар, 97-сі басқа науқастармен қарым-қатынаста болғандар, ал 131-і ауруды қалай жұқтырғаны белгісіз», деген Е.Біртанов осыған байланысты министрлік тарапынан ұсыныстар беріліп, Мемлекеттік комиссия барлық өңірде карантин шараларын күшейту бойынша тапсырма бергенін атап өтті.

Министрдің айтуынша, коронавирус жұқтырған нау­қас­тардың ішінде сегізінің жағ­дайы нашар. Төртеуі жасанды желдеткіште, жағдайлары күн­делікті мамандармен талқы­ланып, бақылауда болады. 30 науқастың жағдайы орташа, жеңіл немесе симптомсыз жағ­дай­дағы 244 науқас бар. Нұр-Сұл­тан қаласында – 14, Алматы қа­ласында 7 науқас жазылып шықты.