Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Алматылық полицейлер қайда тұрып жатыр?

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай кезінде ең ауыр жүк арқалайтын мамандық иелерінің көш басында полицейлер мен дәрігерлер тұратыны даусыз.  Жаппай карантин енгізіліп, төтенше жағдай тәртібі  барынша күшейтілген Алматы қаласында полиция қызметкерлері қайда тұрып жатыр?

Алматылық полицейлер қайда тұрып жатыр?

Тәртіп баршаға ортақ. Бүгінде 700-ге жуық полиция қызметкері қаладағы жатақханаларға орналасқан. Олардың дені шаһардан тыс жерде тұратын  сақшылар. Бұл карантиндік режимге байланысты вирустың таралмауы  үшін қолға алынып отыр. Тәртіп сақшылары тұратын жатақханаларда тұрмысқа қажетті барлық жағдай жасалған. 

 – Біздің қаламыз карантин режимінде болғандықтан, кез келген тұрғын жұқпалы аурудың қоздырғышы бола алады. Төтенше жағдайда құқық қорғау жүйесінің жұмысы күшейіп, полиция қызметкерлерінің халықпен байланысы – жұмыстың ажырамас бөлігі болып табылады. Полиция жұмысының ерекшелігіне байланысты қаланың сыртында тұратын тәртіп сақшыларын уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Мемлекет есебінен біздің қызметкерлерге барлық жағдай жасалды. Карантин кезінде Алматының барлық полиция қызметкерлері казармалық режимде – қалада болады, – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Абдуали Нашарбеков.