29 Тамыз, 2013

Азаматтың жүлдесі

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

азамат муканов-1Қазіргі күндері Бразилияда өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында 66 килограмға дейінгі салмақта қазақ­стан­дық Азамат Мұқанов екінші нәтиже көрсетті.

Біріншілікті өте қарқынды бастаған Азамат іріктеу бел­де­суін­де ресейлік Алим Гада­новты, сингапурлық Жоэль Ценгті, бри­таниялық Колин Оатесті және жапон Масааки Фукуокиді тізе бүктірді. Ал жартылай финалда украиналық Георгий Занатарйядан басым түсті. Бірақ финалда тағы жапонға қарсы шыққан біздің бағланның жолы болмады. Ол Масаси Эбинумадан айласын асыра алмады.

Бұл қазақстандықтардың осы чемпионатта қол жет­кіз­ген бірінші медалі болып отыр. Бұған дейін біздің жі­гіттерден Елдос Сметов пен Асхат Тельманов жетінші орын­ға тұрақтаған еді.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.