29 Тамыз, 2013

Мұнайшылар арасынан «Дала дарындары» анықталды

298 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

IMG 2449-1Өнер – жан баласына ортақ құндылық. Оны әркім меңгеріп, қалауынша пайдалануға құқылы. Ол арқылы берілетін рухани нәр, жан-жүйкенің рахаты, көңілді демалыстың маңызы айрықша және өнер адам баласының ұлтына, қызметіне, байлық-беделіне қарап қонбайтын барынша әділ, таза құбылыс. Әсіресе, «әрбір бұтасы ән салып тұратын» қазақ даласы, «әу» демейтіні жоқ қазақ баласы туралы өнермен етене жаратылған деудің артықтығы жоқ. Өнерпаз дегеніміз сахнаның сәніне айналған жұлдыздар ғана емес, мың бұрала билеп, алты қырдан асқан әсем дауысымен шырқай ән салып, сан түрлі аспаптар құлағында ойнаған дәулескер өнер адамдарын қарапайым халық арасынан көптеп кездестіруге болады. Бұл сөзді «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-тың ұйымдастыруымен мұнайшылар арасында өткен «Дала дарындары» өнер байқауы дәлелдей түсті.

IMG 2449-1

Өнер – жан баласына ортақ құндылық. Оны әркім меңгеріп, қалауынша пайдалануға құқылы. Ол арқылы берілетін рухани нәр, жан-жүйкенің рахаты, көңілді демалыстың маңызы айрықша және өнер адам баласының ұлтына, қызметіне, байлық-беделіне қарап қонбайтын барынша әділ, таза құбылыс. Әсіресе, «әрбір бұтасы ән салып тұратын» қазақ даласы, «әу» демейтіні жоқ қазақ баласы туралы өнермен етене жаратылған деудің артықтығы жоқ. Өнерпаз дегеніміз сахнаның сәніне айналған жұлдыздар ғана емес, мың бұрала билеп, алты қырдан асқан әсем дауысымен шырқай ән салып, сан түрлі аспаптар құлағында ойнаған дәулескер өнер адамдарын қарапайым халық арасынан көптеп кездестіруге болады. Бұл сөзді «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-тың ұйымдастыруымен мұнайшылар арасында өткен «Дала дарындары» өнер байқауы дәлелдей түсті.

Газетіміздің алдыңғы санында айтып өткеніміздей, киелі Маң­ғыстау өңірінде алауын тұтатқан мұнайшылар спартакиадасы табысты қорытындыланып, одан әрі мұнайшылардың өзара өнер сайыс­тыруына ұласты.

Жұртшылық жарты ғасырлық мерейтойын тойлау үшін қызу дайындық құшағындағы тойлы Ақтау төріне Астана, Атырау, Қы­зылорда, Орал, Жаңаөзен қала­ларынан және Маңғыстаудың өзге де кен орындарынан ағылған мұнайшылардың нағыз өнерпаздар екеніне тәнті болды. Әдетте арнайы жұмыс киімін киіп алып, дәу сөмкелерімен вахталық автобус­тардан түсіп, үйді-үйлеріне тарап бара жататын азаматтар арасында ән мен жырдың айтқыштары аз емес екен. Сөйтсек, спартакиада да кездескен спорт жүйріктері секілді мұнайшылар арасында өнер тұлпарлары да жүр. Мұнайлы өңірлерден жеткен 80-нен астам үміткерлердің бірі аймақтық, енді бірі республикалық байқаулардың лауреаттары. Орындаушының осал болмауы төрелік етушінің де төмен болмауын талап етеді. С.Жұмағалиев, Р.Айдарбаева, А.Сүндетов, Е.Әбдіхалықова секілді республикаға танымал өнер адамдары, өзге де өз сала­сының білгірлері қазылық еткен сайыс қызу өтті. Үміткерлер жыр-терме, аспапта орындау, оркестр сүйемелдеуімен ән салу, эстрадалық ән, вокалды аспапты ансамбль және ерекше жанр бойынша сынға түсті. Тіпті талай өнер байқауларына пікір айтып, «жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды» анықтауда тәжірибе жинақтаған қазылар алқасының мүшелері мұнайшы өнерпаздар арасынан оза шапқан жүлдегерлерді анықтау қиынға түскендігін жасырған жоқ.

– Өнерді қиын жұмыстың тасасында қалдырмай, еңбекпен бірге алып жүрген талантты қыз-жігіттердің бар екендігіне қатты қуандық. Мұнайшылар арасында әнді де, биді де өз нақышында орындап, аспаптарда шебер ойнай білетін, сондай-ақ халқымыздың асыл қазынасы – қара домбыраны құйқылжыта ойнап, жыр-термені түйдектете төгілтетін жыршы-термешілердің бар екендігіне көз жетті. Жері қазынаға бай халқымыздың жүрегі, жан-дүниесі рухани байлыққа, өнерге толы екендігіне тәнті болдық, – дейді қазылар алқасының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген әртісі Сембек Жұмағалиев.

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ» компаниясының спорт және өнер сайыстарын өткізудегі мақсаты – дарынды мұнайшыларға қолдау көрсету, өз бойындағы өнері мен қайсарлығын жарқырата түсуге жәрдем беру. Үнемі үнсіз даламен сырласып, қыр төсінде жүретін еңбеккерлер сайысының «Дала дарындары» аталуы да тегін емес. Даланың құдіреті шексіз, онымен тілдесе білген жанның дарын болмасқа амалы да жоқ.

– Бала кезімнен ән шыр­қағанды ұнатамын. Бірақ, маған әнші емес, мұнайшы болу бұйы­рыпты. Өнерімді ортаға салып, сайысқа түсуге мүмкіндік бер­ген ұйымдастырушыларға алғыс айт