Видео • 31 Наурыз, 2020

Зайсанға аққу келді (видео)

1255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жерде кезінде Боқатай бидің қыстауы болған.

Зайсанға аққу келді (видео)

Иә, бұл жаңалық қазіргідей елдің көңіл-күйі алақұйын болып, елегізіп жүрген шақта бұлт астынан жарқырап күн шыққандай көңілді бір сәт сергітіп, серпілтіп тастағаны рас. Төрт аққу осыдан бір апта бұрын шамасында Зайсан ауданына қарасты Біржан ауылының іргесіндегі Боқатай теліміндегі көлшіктердің біріне қоныпты. Қазір олардың саны біршама көбейгенін айтады жергілікті тұрғындар.

ақ

«Бұл жерде кезінде Боқатай бидің қыстауы болған. Сол маңайда көлшіктер көп. Аққулар көлшіктерге қонып қана қоймай, емін-еркін еркелей жүзіп жүр. Ал бұл елді мекен Зайсан көліне құятын Ертіс өзенінен де, көлден де бірнеше шақырым ғана қашықта орналасқан, көлшіктер мен өзендердің бәрі Ертісті толтыра келіп, Зайсан көліне құяды. Көлдің өзі Біржан ауылдық округіне қарасты Ақарал ауылынан 15 шақырым жерде ғана. Аққуларды Біржан ауылының тұрғыны Руслан Шәкенов жолда кетіп бара жатып видео мен суретке түсіріп алған екен» деп жазады осы Біржан ауылының тумасы, өскемендік әріптесіміз Дәурен Аллабергенұлы.

Керек болса, көңіліміз бір атым насыбайдан қалатын көңілшек, десек те әр нәрседен жақсылық күтетін ырымшыл халықпыз ғой. Ауылының іргесіне аққу қонған елді мекеннің тумасы, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында тұратын Бақытбек Қызырұлы көңілі толқыды ма, әлде карантиннен үйде отырып іші пысты ма, «Төрт аққу» деген өлең жазып үлгеріпті.

Шығыс Қазақстан облысы,

Зайсан ауданы,

Біржан ауылы

Сурет пен видеоны түсірген – Руслан ШӘКЕНОВ

Соңғы жаңалықтар