Қазақстан • 31 Наурыз, 2020

Бүгінгі күні балалардың тек 5% балабақшаға келіп жатыр - БҒМ министрі

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында қашықтан оқытудың жаңа форматына арналған баспасөз конференциясында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.

Бүгінгі күні балалардың тек 5% балабақшаға келіп жатыр - БҒМ министрі

«Ең басты мәселелерге тоқтала кетсем: Өздеріңіз білетіндей, 16 наурыздан бастап мектеп оқушылары каникулға шыққан болатын. Ал колледж бен ЖОО студенттері 16 наурыздан бастап қашықтан оқып жатыр. Қосымша білім беру ұйымдары, музыкалық мектептер, оқушылар сарайлары көбінесе жұмысын тоқтатты. Кейбір бағыт бойынша қашықтан оқыту арқылы үйірмелер жұмысын әрі қарай жүргізіп жатыр»,- деді министр.

Асхат Аймағамбетов балабақшалар жұмысы туралы айтып берді.

«Балабақшалардың жұмысы ең басында штат режимінде жұмыс істейді деп айтқан болатынбыз. Бірақ ата-аналардың өздері шешім қабылдайды деп те айттық. Соның салдарынан ең басында балалардың келуі 70%-ға дейін төмендесе, одан кейін  40%, бүгінгі күні балалардың тек 5% балабақшаға келіп жатыр. Сондықтан осындай өте төмен көрсеткіштер, көбінесе біздің балабақшалар бос тұр»,- деді БҒМ басшысы.

Ұстаздардың цифрлық сауатын арттыру үшін курстар ұйымдастырылуда.

«Ұстаздарға келетін болсақ, 16-нан бастап үйлерінде жұмыс атқаруда. Колледж, университеттердің педагогтары да арнайы курстар өткізуде. Өйткені, бұл өте маңызды. Қашықтан оқытатын болғандықтан біз мұғалімдердің цифрлық сауаттылығына үлкен көңіл бөлудеміз. Әр облыста қашықтан оқыту бойынша арнайы жобалық кеңселерді құрдық. Және де БҒМ-де де осындай жобалық офис жұмысын жүргізіп жатыр»,- деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.