Білім • 31 Наурыз, 2020

80 мыңдай техника сатып алынады – А.Аймағамбетов

26 реткөрсетілді

Бұл туралы «Қашықтықтан оқытудың жаңа форматтары» атты брифингте айтылды. Орта білім беру ұйымдары 6 сәуірден бастап қашықтан оқыту форматына көшеді. Осы орайда ең маңызды мәселе – техника тапшылы. 

Осы мәселені шешу үшін министрлік арнайы техникалар (компьютер, планшет, ноутбук) сатып алуды қолға алған. 

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов:

– Сатып алынатын техника тек қана компьютер емес, бұл қашықтан білім алуға көмектесетін кез келген құрылғы болуы мүмкін. Себебі елімізде компьютер толығымен жетеді деп айта алмаймыз. Сондықтан жетпеген жағдайда басқа да құрылғыларды аламыз. Қазіргі таңда 80 мыңға жуық техника сатып алуды жоспарлап отырмыз. Әрине, тек оқушыларда емес, мұғалімдерімізде де техника тапшылығы бар. Сол себепті педагогтарды тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері шешіліп жатыр, – деді.  

Соңғы жаңалықтар

Ғасыр зұлматы

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар