29 Тамыз, 2013

Банкирлер басқосуы

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банк төрағасы Г.Марченко Минск қаласында (Беларусь Республикасы) Кеден одағына және Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктерінің валюталық саясат жөніндегі консультациялық кеңесінің 5-ші отырысына қатысты.

Отырыс барысында Беларусь Республикасы Ұлттық банкінің басқарма төрағасы Н.Ермакова, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Г.Марченко және Ресей Федерациясы Орталық банкінің төрағасы Э.Набиуллина 2013 жылғы 1-жартыжылдықтағы ағымдағы экономикалық жағдай және Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында ақша-кредит саясатын іске асыру барысы туралы ақпаратпен алмасты.

Отырыста ықпалдасқан қар­жы нарығын қалыптастыру, оның жұмыс істеуі және одан әрі рет­теу тәсілдері мәселелері, сон­дай-ақ Кеден одағына және Бір­тұ­­тас экономикалық кеңістікке қа­­ты­­­су­шы мемлекеттердің Қар­жы нарығын реттеу жөніндегі ұл­түс­тілік органды құру перспективалары туралы мәселелер талқыланды.

«Егемен-ақпарат».