Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Шығыс Қазақстан: КAZ Minerals тобы «Birgemiz» қоғамдық қорына 2,2 млрд теңге аударды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бөгде адамдардың кіруіне тыйым салдық.

Шығыс Қазақстан: КAZ Minerals тобы «Birgemiz» қоғамдық қорына 2,2 млрд теңге аударды

КAZ Minerals тобы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қиын жағдайға тап болған отандастарымызға көмек көрсету қажеттігі жайлы бастамасына қолдау білдірді. Бүгінде компания «Birgemiz» қоғамдық қорына 2,2 млрд теңге аударыпты. «Елдегі төтенше жағдайға орай біз кеңселер мен кәсіпорындарға бөгде адамдардың кіруіне тыйым салдық. Барлық алыс-беріс заттар мен құжаттар тексеру-өткізу орнында қабылданып, тапсырылуда. Кәсіпорындардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қызметкерлер ғана қалып, қалғандары қашықтан жұмыс істеуге көшкен. Олар қажетті техникалармен және бағдарламалармен қамтамасыз етілді» дейді KAZ Minerals тобы корпоративтік департаментінің менеджері Ермек Дүзкенов.

 Шығыс Қазақстан облысы