29 Тамыз, 2013

Тағайындалған сенаторлар тіркелді

301 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Орталық сайлау комиссиясының Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған Парламент Сенатының депутаттарын тіркеу туралы қаулы қабылдаған отырысы өтті. Сондай-ақ ОСК үш әкімшілік-аумақтық құрылымында өткен ауыл әкімдерін қайта сайлаудың бастапқы қорытындыларын жариялады.

 

Кеше Орталық сайлау комиссиясының Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған Парламент Сенатының депутаттарын тіркеу туралы қаулы қабылдаған отырысы өтті. Сондай-ақ ОСК үш әкімшілік-аумақтық құрылымында өткен ауыл әкімдерін қайта сайлаудың бастапқы қорытындыларын жариялады.

Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның де­пу­тат­тарының мәртебесi туралы» Конституциялық заңының 24-бабы 1-тармағына сәйкес жә­не «Қазақстан Республикасы Пар­ламентінің Сенаты депутат­тарын тағайындау туралы» Пре­зи­денттің 2013 жылғы 26 тамыз­дағы №622 Жарлығы негізінде тағайындалған Бірғаным Сары­қызы Әйтімованы, Асқар Асан­ұлы Бейсенбаевты, Сергей Нико­лаевич Громовты, Ләззат Кете­бай­ұлы Қиыновты, Георгий Вла­­­ди­мирович Кимді, Дулат Ра­шит­ұлы Құсдәулетовті, Серік Нө­гербекұлы Нөгербековті және Нұрлан Мірқасымұлы Оразалинді Сенат депутаттары ретінде бе­кітті. Ортсайлауком төрағасы Қуан­дық Тұрғанқұлов Қазақстан Рес­публикасы Парламенті Сенатының жаңадан тіркелген депутаттарына жеке куәліктері мен белгіленген үлгідегі омырау белгілерін тапсырды.

Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы басшысы тиісті аудандық аумақтық сайлау комис­сияларының шешімдеріне сәйкес 28 тамызда Павлодар облысының екі ауылдық округінде және Маң­ғыстау облысының бір ауылдық округінде әкімдерді қайта сайлау өткені жайынан хабардар ете кетті. Аудандық сайлау комис­сия­ларының алдын ала берген мәліметтерінен қайта сай­лау­ға таңдаушылар толық құ­рам­да қатысқаны белгілі болып отыр. Соның барысында әкім­дікке кандидаттардың 4 сенім біл­ді­рілген адамы мен бұқаралық ақ­парат құралдарының 2 өкілі дауыс беру барысын байқауды жү­зеге асырыпты. Дауыс санағы нә­ти­жесінде Павлодар облысы Ертіс ауданының Голубовка ауылы әкімі болып 1957 жылы туған, осы ауылда әкім қызметін атқарған Серік Еркенұлы Нұркин жеңіске жеткен. Оның кандидатурасына депутаттардың барлығы да өз дау­ыстарын беріпті. Бұл ауданда 12 таңдаушы бар екендігін де айта кеткен жөн. Павлодар облысы Успен ауданының Қозыкеткен ауылдық округінің әкімі болып 1988 жылы туған, бұған дейін «Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің бас маманы қызметін атқарған Тимур Серікұлы Жанғазинов сайланыпты. Аталған үміткерге 10 (90,9%) таңдаушы өз дауысын бергені мәлім болып отыр. Ал Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі болып 1985 жылы туған, бұған дейін Жер қатынастары мен кадастр бөлімінің бас маманы қызметін атқарған Азамат Қомшабайұлы Қойсарин сайланыпты. Оған 12 (100%) таңдаушы дауыс бергені анықталып отыр.

ОСК мәліметтеріне қарағанда, еліміздің аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдық округ­терінің, ауылдық округтің құра­мына кірмейтін кенттері мен ауыл­дарының 2457 әкімін сайлауға жұм­салған жалпы шығыстар шамамен 370 миллион теңгені құрапты.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар