- Уақытша шектеулерді жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында облыс прокуроры Халидулла Дәуешов «Атырау-Астрахань» және «Атырау-Орал» бағытындағы блок-бекеттерде болды. Шығу нәтижесімен шектеу іс-шараларын жүзеге асыру барысында уәкілетті органдардың іс-қимыл алгоритмі үйлестірілді. Облыстық прокуратура төтенше жағдайға, карантин мен шектеулерге орай мобильді топ құрды. Бұл топ белгіленген тәртіптің сақталуына жүйелі негізде тексеру жүргізуде, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Прокуратура жанынан тәулік бойы жұмыс істейтін моблиьді топ құрылды.
Жұмасат ҒАЗИЗ