Енді көлік салығын есептеу кезінде автокөліктің пайдаланылған мерзіміне қарай төмендету коэффициенттері қолданылады. Атап айтқанда, пайдаланылғанына 10 жылдан 20 жылға дейінгі автокөліктер үшін коэффициент – 0,7, ал 20 жылдан асқан көліктерге – 0,5 болып белгіленді.
Бұл олардың иелері үшін тиісінше 30 және 50 пайыздық салықтық жеңілдік қарастырылғанын білдіреді.
Сонымен қатар, қозғалтқыш көлемі 3-4 литр аралығындағы автокөліктер үшін салық мөлшерлемесі 15 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Ал қозғалтқыш көлемі 4 литрден асатын көліктерге 117 АЕК мөлшерінде салық салынады. Бұл сомалар да көліктің шыққан жылына қарай түзетіледі.
Бұдан бөлек, құны 18 000 АЕК-тен (77,8 млн теңгеден) асатын жеңіл автокөліктерге 10 пайыздық акциз енгізіледі. Бұл талап көлікті алғаш тіркеу кезінде де, ел ішінде қайта сату барысында да қолданылады.