29 Тамыз, 2013

Балаларды қуантқан бастама

288 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жалпы, республикалық «Мектепке жол» акциясы­ның аясында облыстық балалар құқықтарын қорғау бас­қармасының ұйымдастыруымен Ақтөбе қала­сын­да­ғы «Тұран» мейрамханасында көпбалалы және аз қам­тылған отбасылар балаларына дастарқан жайылды.

 

 

Жалпы, республикалық «Мектепке жол» акциясы­ның аясында облыстық балалар құқықтарын қорғау бас­қармасының ұйымдастыруымен Ақтөбе қала­сын­да­ғы «Тұран» мейрамханасында көпбалалы және аз қам­тылған отбасылар балаларына дастарқан жайылды.

Бұған дейін «Патриций» мейрамханасында өткен шарада 17 балаға киім-кешек таратылса, осы жолы қала кәсіпкерлерінің және облыс­­тық бас­қармалардың, жастар ұйымдарының қолда­уымен 30 балаға мектеп киімдері мен оқушы құрал­да­ры берілді. Облыс әкімінің орынбасары Сара Нұр­қатованың арнайы сыйлығы бірінші болып биыл мектеп табалдырығын аттайтын Әлішер есімді бүл­діршінге тапсырылды. Оның өзінен басқа отбасында алты бауыры бар екен. Оқушыға қажетті заттарды сыйлыққа алған апасы Анаргүл екеуінің қуанышы шексіз. Балаларға сыйлық жасауға «Жас күш», «Жас қуат», «КВН одағы», «Жаңа толқын», «Атамекен» сияқ­ты жастар ұйымдары үлес қосқан.

Облыстық балалар құқықтарын қорғау бас­қармасының басшысы Күлпаршын Айдарханованың айтуынша, мұнда алты жыл қатарынан осындай шаралар өткізіліп келеді екен. Бұл жолы балаларды «Тұран» мейрамханасы жайған дастарқанға шақырған. Осы шараға 16 мекеменің, жеке ұйымдардың және қайырымдылық қорлары қолдау көрсетіпті. Мұндай имандылық шарасына ұйтқы болуды дәстүрге айналдырған басқарма ұжымы олардың акцияға атсалысып, балаларды қуантқандарына ризашылықтарын білдірді. Басқарма атына сай тағы бір игі іс тындырып, ата-аналар мен балалардың алғысына бөленді.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.