Қазақстан • 29 Тамыз, 2013

Ядролық қару: Дерек пен дәйек

930 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

И.Сталин 1947 жылдың тамызында полигонды құру қаулысына қол қойды.

1949 жылдың 29 тамызында Кеңес Одағы Шығыс Қазақстандағы Семей ядролық полигонында бірінші атом бомбасының сынағын өткізді.

Ядролық қару: Дерек пен дәйек

Сурет: Ortcom.kz

1991 жылдың 29 тамызында Қазақ КСР Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жарлығымен Кеңес Одағы құлауға төрт ай қалғанда Семей ядролық полигонын жапты.

1991 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан мен АҚШ кең ауқымды дипломатиялық қарым-қатынастар орната бастады. Қазақстандағы ядролық арсеналдың тағдырына қатысты мәселе екі ел басшылары үшін алдыңғы қатарлы маңызға ие болды.

1991 жылдың 30 желтоқсанынан бас­тап Кеңес Одағы формалды түрде өзінің өмір сүруін тоқтатты. Қазақстан 370 ядролық оқтұмсықты Х-55 қанатты зымырандармен жарақтандырылған 40-қа тарта ТУ-95 ауыр бомбалаушы эскадронға, сондай-ақ 104 МБР РС-20 (НАТО жүйелеуінде SS-18 «Сатана») континентаралық баллистикалық зымырандары (КБЗ) үшін әрқайсысының тротилдік баламасының қуаты 1 мегатонна болатын 1040 ядролық оқтұмсықты құрайтын әлемдегі 4-ші ядролық арсеналға ие болды.

1992 жылдың 23 мамырында Қа­зақ­стан Ке­ңестік Социалистік Респуб­ли­калар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы стратегиялық шабуылдаушы қаруларға шектеу қою және қыс­қарту жөніндегі (СНВ-1 келісіміне) Лиссабон хаттамасына қол қойып, ядро­лық қаруды таратпау міндеттемесін бе­кітті және ядролық қаруға ие болудан бас тартты.

1992 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Пар­ламенті СНВ-1 келісімін ратификациялады.

1993 жылдың 14 қаңтарында Қа­зақстан Хи­мия­лық қаруды қолдану, жинау, өндіру, жасап шығаруға тыйым салу және оны жою туралы кон­венцияға (ХҚК) қол қойды.

1993 жылдың 13 желтоқсанында Қа­зақ­стан Парламенті Ядролық қару­ды таратпау жө­ніндегі шартын (ЯҚТШ) ратификациялады. Сол күні Алматыда Президент Нұрсұлтан Назар­баев пен АҚШ Вице-президенті Альберт Гор Қазақстанда қауіптерді бірлесе қысқарту (Нанн-Лугардың) бағдарламасын жүзеге асы­руға жол ашатын рамалық келісімге қол қойды.

Қазақстан 1994 жылы ядролық қа­рудан бас тарту туралы шешімнен бас­тап таратпау сала­сында көшбасшы бо­лып келеді. Сол кездің өзінде Қа­зақстан 1400 ядролық оқтұмсыққа ие болды. Бұл Франция, Ұлыбритания және Қытайды қоса алғандағыдан да көп.

1994 жылдың ақпанынан Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) мүшесі. Қазіргі таңда республиканың барлық ядролық нысандары МАГАТЭ-нің кең ауқымды кепілдігінде.

1994 жылдың 14 ақпанында Президент Н.На­зар­баев ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде, Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа Қазақстанның да қосылатындығы жайындағы ратификациялық құжаттарды Вашингтонда АҚШ-тың сол кездегі Прези­денті Б.Клинтонға табыс етті де, сол 1994 жылдан бері біздің тәуелсіз еліміз ядролық қару­дан бас тарту туралы және ядролық қару­ды таратпау саласында әлемдегі көшбас­шы мемлекет болып келе жатыр.

Соңғы жаңалықтар