Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Түркістанда 8350 дана медициналық бетперде тәркіленді

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Түркістан қаласының тұрғыны Өзбекстан Республикасында өндірілген бетперделердің 1 данасын 150 теңгеден сатқан. Оның заңсыз әрекетін Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің облыс бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері анықтап, жедел іздестіру шарасы барысында күдікті ретінде 1990 жылы туған әйел ұсталды.

Түркістанда 8350 дана медициналық бетперде тәркіленді

Мемлекеттік кірістер департаментіне кәсіпкер ретінде тіркелмеген және ешқандай құжаты жоқ күдіктіден жалпы көлемі 1 миллион 250 мың теңге болатын 8350 дана медициналық бетперде тәркіленді. Елдегі төтенше жағдай кезінде заңсыз әрекетке барған азаматша Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 463-бабы 1-бөлігіне сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда тәркіленген медициналық бетперделерді облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына өткізу мәселесі қарастырылуда.

 

Түркістан облысы