29 Тамыз, 2013

Семей және полигон

860 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қай жерденсің, бауырым?», деп сұрайды ел менен

Үн қатамын жымиып: «Семей жақтан келген ем».

«Оу, онда сен шықтым де, полигонның маңынан,

Табиғаты тозғындап, ауру-сырқау меңдеген».

1323840704 monum-semey

«Қай жерденсің, бауырым?», деп сұрайды ел менен

Үн қатамын жымиып: «Семей жақтан келген ем».

«Оу, онда сен шықтым де, полигонның маңынан,

Табиғаты тозғындап, ауру-сырқау меңдеген».

 

Көзімдегі ұшқыннан қалмады енді жұғын да,

Семей және полигон айналды егіз ұғымға.

«Абай өскен өлкеден» деп тағы да қоспақ ем,

Бір-ақ сөзбен аузыма, құя салды құмын да.

 

О, бейтаныс, қоя тұр, жүрегіме дақ салмай,

Қасиетті өлкенің қайғысы бар батпандай.

43 жыл бір зұлмат қаруды емес бұл жерде,

Адамдардың төзімін бірге сынап жатқандай.

 

Жеңбей қоймас әділет, бастаса бір күресті,

Көтерейік еңсені, полигонның үні өшті.

Жайнар қайта туған жер, қалар жұрттың есінде,

Аждаһаның болғаны аңыздайын бір ескі.

 

Қайырбек ШАҒЫР.

Шығыс Қазақстан облысы,

Абыралы ауданы.

Соңғы жаңалықтар