Құқық бұзушылықтардың басым көпшілігі (319 факті) көлік саласында тіркеліп отыр. Яғни, жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамауға қатысты – 116; белгiленген жылдамдықтан асыру бойынша – 75; құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқару фактісі бойынша – 46 заңбұзушылық орын алды.
Сонымен қатар, тыныштықты бұзу бойынша – 22, тіркеусіз тұруға қатысты – 91 және абаттандыру қағидаларын бұзу бойынша – 32 деректері анықталды.
Бұған дейін, қала аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың шешімімен қосымша шаралар қабылданып, соның ішінде адамдар мен жеке көліктердің қозғалуына шектеу қойылған еді. Осыған орай, жеке автокөліктерді тек ерекше жағдайларда пайдалануға назар аударылуда.
Мемлекеттік органдармен қабылданып жатқан барлық шаралар, соның ішінде өзін-өзі оқшаулау туралы ұсынымдар, халық денсаулығын қорғауға бағытталуда. Және әр тұрғын өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығының қорғалуына жауаптылықпен қарауы қажет.