Шаһарда тазалық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қоқыс жәшіктері, орындықтар, аялдамалар, жерасты және аспалы жолдарды зарарсыздандыруға 60 жұмысшы жұмылдырылыпты. Қоқыс шығаратын ұйымдар қоқыс жәшіктері алаңдарын зарарсыздандыруға 43 мың литр ерітінді жұмсап, 85 жұмыскер жалдаған. Қоғамдық көліктерді зарарсыздандырумен айналысқан 100 жұмыскер 130 литр ерітіндіні пайдаланған.
Сонымен қатар, аулалар мен подъездерді зарарсыздандыруға 150 мың литр ерітінді қолданылып, бұл жұмысқа 512 жұмысшытартылыпты. Әкімдіктегілердің сөзіне сенсек, мегаполисте күніне 1300 аула мен сегіз мың подъез зарарсыздандырудан өтеді.