Атырау облысындағы 9 білім ошағы Білім күніне дайын емес. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті осы орындардан анықталған кемшіліктерді қарау жөнінде істі сотқа жолдаған. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.
9 білім ошағында өрт дабыл қаққышы және автоматтандырылған жүйе орнатылмаған әрі өрттен қорғайтын құралдар жоқ. Алайда, күні бүгінге дейін осы олқылықтың қалыпқа келтірілгені жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментіне ақпарат келіп түспеген.Жоғарыда аталып өткен департаменттің басқарма бастығы Нұрлан Нұғымановтың айтуынша, қазіргі кезде сотқа талап арыз жіберілген 9 мектеп те жабық екен.
Данияр Түймебай.