Бүгінгі таңда облыста төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 163 әкімшілік материал қозғалған, оның ішінде 130 іс бойынша 67 айыппұл түріндегі жаза қолданылды. 62 тұрғын қамауға алынып, бір адамға ескерту жасалған.
Атап айтқанда, Қарағанды қаласындағы «Волна» дүкенінің сатушысы жұмыс орнында маска тақпағаны үшін аталған нысанның иесі 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Сонымен қатар, Жезқазғанда дезинфекциялық кілемнің болмауы фактісі бойынша «Sulpak» дүкені филиалының директоры екі тәулікке қамалды.
Барлық мүдделі органдардың ішінен құрылған мобильді топтар төтенше жағдай режимін бұзу фактілерінің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыратын болады. Талаптарды бұзған тұлғаларға қатаң шаралар қолданылады.
Облыстық прокуратура өңірдегі кәсіпкерлер мен азаматтарды барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдап, төтенше жағдай режимінің және карантиннің талаптарын сақтауға шақырады.
Қарағанды облысы