Қоғам • 01 Сәуір, 2020

Димаш Құдайберген: Біз бұл дертті жеңіп шығамыз

601 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасындағы бейнеүндеуінде халықты сабырға шақырды.

Димаш Құдайберген: Біз бұл дертті жеңіп шығамыз

«Өтінемін, үйден шықпаңыздар. Бұл әзіл емес, өте күрделі жайт, үйден шықпаңыз. Бұл вирусты жеңетінімізге сенемін. Бәрі де өткінші мен оған сенемін, мен сіздерге сенемін, өздеріңізді қорғап жүріңіздер. Біз үйде отыруға тиіспіз. Мен де қазір үйдемін. Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда ініммен бірге Play station ойнап отырмын», деді Димаш Құдайберген бейнеүндеуінде.

Бұдан соң әнші сақтық шараларына немқұрайлы қарамау керек екенін атап өтті.

«Сіздерге ең алдымен денсаулық тілеймін. Күллі әлемді билеген ауыр індеттің алдын алу мақсатында атқарылып жатқан барлық сақтық шараларына немқұрайлы қарамауға шақырамын. Сәл төзімділік танытыңыздар! Алла бәрімізге сабыр берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Бұл да бір өтпелі дәурен деп білемін. Жақсы сөз жарым ырыс дейді қазақта. Біз бұл дертті жеңіп шығамыз», деді ол.