Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Мемлекеттік қызметтің 608 түрін электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады

739 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қауіпті инфекциясының таралуын болдырмау үшін Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылғаны белгілі. Дегенмен мемлекеттік қызметтерді  электронды форматта алу қолжетімді. «Азаматтарға арналған үкіметтің» Алматы филиалы онлайн-кеңесшілердің санын арттырып отыр.

Мемлекеттік қызметтің 608 түрін электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады

Енгізілген төтенше жағдай режиміне байланысты азаматтар мемлекеттік қызметтерді үйде отырып алу үшін «электронды цифрлық қолтаңба» (ЭЦҚ) алуға немесе мобильді азаматтар базасына тіркелуге өтініш беруде. Ал олардың сәйкестендірурәсімін растау үшін онлайн-Халыққа қызметкөрсету орталығы (ХҚО) жұмыс істейді.

 

Онлайн-ХҚО-да 40 оператор екі ауысымдақызмет көрсетеді. Егер азаматтың телефон нөмірімобильді азаматтар базасында тіркелмегенжағдайда, жүйе оны ХҚО операторымен қосады. Ол бірқатар қосымша сұрақтар (құжаттардыңдеректері, тіркеу орны және т.б.) қоя отырыпазаматты бейнебайланыс арқылы сәйкестендіреді. Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша қызмет алушылардың сұрақтарына жедел жауап беру үшін арнайы Call-орталық жұмыс істейді. Оған 110 қызметкер жұмылдырылды. Call-орталық қызметінің сапасын қамтамасыз ету және жүктемені азайту мақсатында 60 кеңес беруші екі ауысыммен істейді. Тағы 50 қызметкер үйде отырып, тұрғындарға кеңес беріп, олардың мәселелерін жедел шешуге көмектесуде. Call-орталық ашылған сәттен бастап қызметкерлер 25 мыңнан астам кеңес берген. Күніне 6-7 мың адам әртүрлі сұрақтармен жүгінеді, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік коропорациясы» коммерциялық емес АҚ Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев.

 

 

Жауапты маманның сөзінше, 608 мемлекеттік қызметті электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады, оның ішінде мамандандырылған бөлімдердің қызметтері де бар.Смартфон арқылы 60 қызмет түрін алуға мүмкіндік қарастырылған.