29 Тамыз, 2013

АҚШ Сирия жөнінде бір шешімге келген жоқ

538 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белый дом-1

Қаруын кезеніп, тастүйін дайын отырған АҚШ Сирия үкіметіәскерлеріне соққы беруге байланысты әзірге нақты шешім қабылдаған жоқ. Бұл туралы «РИА Новости» ақпараттық агенттігі хабарлады.

Арнайы ұйымдастырылған брифингте Ақ Үйдің ресми өкілі Джей Карни Сирия үкіметінің химиялық қару қолданғаны жауапсыз қалмауы тиіс деп ескертті. Ол брифингте Сирия үкіметінің химиялық қару қолданғанын растайтын көптеген деректер, тәуелсіз ұйымдардың өкілдері, журналистер, дәрігерлер сынды куәлар бар екенін жеткізді.

Ал Ұлыбритания, Түркия мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері Сирия үкіметіне қарсы коалициялық күшке қосылатынын мәлімдеді. Кремль болса, Сирияға әскер кіргізуді, мәселені осылайша күшпен шешуді қауіпті деп санайтынын, оның салдарлары өте ауыр болатынын ескертуде.

Жолдыбай Базаров.