Спорт • 01 Сәуір, 2020

АСА рейтингі жаңартылды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейлік АСА (Absolute Championship Akhmat) компаниясы осы промоушнде өнер көрсетіп жүрген ережесіз жекпе-жек шеберлерінің рейтингін жаңартты.

АСА рейтингі жаңартылды

Қазақстанның спортшылары арасында жеңіл салмақтағы Артем Резниковтың қарқыны қуантарлық. Бұл жолы бірден алты сатыға жоғарлаған  отандасымыз қазіргі кезде АСА рейтингінде алтыншы орынды иеленуде. Соңғы жекпе-жегін 6 наурызда Алматыда өткізген жерлесіміз ресейлік Хамзат Аушевты бірінші раундта «қылқындыру» әдісімен ұтқан еді. Ал жерлестеріміздің арасында әзірге ең үздік нәтижеге Евгений Егембердиев пен Асылжан Бақытжанұлы қол жеткізіп отыр. Олардың екеуі де жартылай ауыр салмақ дәрежесінде айқасуда. Бұл күндері Евгений төртінші және Бақытжан бесінші орындарды иеленуде. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Қасымханов жартылай жеңіл салмақта үздік ондықты қортындылап тұр. Осы спортшылардың барлығы да Алматыда іргетасы қаланған «Алаш Прайд» клубының мүшелері.

Ал АСА промоушнінде әр салмақ дәрежесі бойынша мына жекпе-жек шеберлері чемпиондық атақты иеленуде: 53 кило –Азамат Керефов (Ресей) , 56,8 кило – Дэниель де Алмейда (Бразилия), 61,3 кило – Фелипе Фроес (Бразилия), 65,9 кило – Абдул-Әзиз Абдулвахабов (Ресей), 70,4 кило – Элиас Сельверио (Бразилия), 77,2 кило – Саламу Абдурахманов (Ресей), 83,4 кило – Давлетжан Ягшимұрадов (Түркіменстан) және 93 кило – Мухумат Вахаев (Ресей).