30 Тамыз, 2013

Бірде – сел, бірде – жел

337 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Табиғат-ананың тосын мінезінің көрші жатқан елдің шат-шәлекейін шығарып, бірнеше аймақты тасқын судың астында қалдырғаны мәлім. Өз елімізде де жаз бойы әшейінде жаңбыр сирек жауа­тын өңірлердің өзінде күн құрғатпай нө­сер­лет­ті. Тек тамыздың орта шенінен ас­қан­да ғана көктен күн күліп, зеңгір аспан бұлт­тан тазарып, қол-аяқ жазылып қалып еді...

ERA 4308

Кеше таңертеңгілік қалтафондар «ыз-ыз» етіп, қатты жел тұратындығы жайлы хабарламалар келіп түскен. Аспан қабағын түйіп, ағаштар желмен шайқалып, күн райы күрт бұзылды.

Іле «Қазгидромет» орталығына хабарласып едік, ондағылар еліміздің солтүстік аймақтарында теріскейден өткен циклон әсерінен күннің күрт суытқанын, бүгін, 30 тамыз күні де солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12, кей жерлерде 15-18 метрге жететінін, мереке күні Астанада түнде және таңертеңгілік тұман түсіп, күндіз күнді кіреукелеген бұлт басатынын айтты. Тамыздың 31-інен күн райы аздап жұмсарып, сынап бағанасы түнде 6-8, күндіз 13-15 градус жылылықты көрсетеді екен.

Қыркүйек айы диқан қауымы үшін қолайлы болатындай. Жауынсыз, бере­ке­лі сары күз келіп, ауаның температу­ра­сы күндіз 20 градустың арғы-бергі жа­­ғындағы жылылықта орнап, яғни жиын-терінге қолбайлау жасамайтындай. Алайда, күз келгенін білдіріп, түн ба­ла­с­ы салқын болады, дейді синоптиктер.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

АСТАНА.