30 Тамыз, 2013

Қоғамдық кеңес құрылды

220 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әрине, жыл өткен сайын елімізде ха­лыққа қызмет көрсету сапасы жақса­рып келеді. Әйтсе де бұл саланың мәсе­ле­сі толық шешілді деп айтуға болмай­ды. Адамдарды кеңседен кеңсеге жү­гір­тіп, қаптаған қағазбастылықтан, сапы­ры­лысқан кезектен арылмау, ең бас­ты­сы бас­шылардың алдына келген жан­дар­ға лайықты қызмет көрсетпеуі, мә­де­ни­еттілік танытпауы әлі де болса көп еке­нін жасыруға болмас. Міне, осын­дай ол­қы­лықтарды болдырмау мақса­тында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентті­гі­нің Оңтүстік Қазақстан облысы бойын­ша департаментінің жанынан жеке тұл­ға­лармен, коммерциялық емес ұйым­дар­мен мемлекеттік қызмет көрсету мәсе­­­ле­лері бо­йынша өзара іс-қимыл және ын­ты­­­мақ­тастық жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды.

Өткен аптада қоғамдық кеңес алғашқы жиынын өткізіп, алдағы атқарылатын тірліктерін пысықтап алды. «Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бұл Елбасының нақты тапсырмасы. Біздің елімізде мемлекеттік қызмет көрсетудің көптеген түрлері бар. Алайда әлі де кемшін тұстары көп. Тіпті азаматтарды қабылдамай қоятын басшылар да баршылық. Сондықтан біз ашық алаңда жұмыс істеуіміз қажет. Билік пен қарапайым тұрғынның арасында ашық та әділ байланыс болуы керек» дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Берік Бекжанов.

Қоғамдық кеңес консультативтік-кеңесші орган ретінде ҚР Конститу­циясының, «Мемлекеттік көрсе­тілетін қызметтер туралы» заңын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.